Оралда полиция қызметкеріне 7 млн теңге айыппұл салынды

Оралда полиция қызметкеріне 7 млн теңге айыппұл салынды

Оралда полиция қызметкеріне 7 млн теңге айыппұл салынды
ашық дереккөзі
5 қыркүйек күні Орал қаласы Полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің бұрынғы бастығы Қанат Мұқановқа қатысты сот үкімі шықты деп хабарлады turkystan.kz. Орал қалалық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған полиция қызметкері ҚК 366-бабы 2-бөлігі (пара алу) және 369-бабы 2-1-бөлігіне (қызметтiк жалғандық жасау) сәйкес айыпты деп танылды. Сот талқысында мәлім болғанындай, Қ.Мұқанов Орал қаласы Полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің бастығы болып қызмет атқара жүріп, өткен жылдың 27 қыркүйек күні ресейлік азаматқа Қазақстан азаматтығының жоқтығы туралы анықтаманы тездетіп беріп, 50 мың теңге пара алған. Ол өз кінәсін мойындады. Аталған екі бапқа сәйкес Қ.Мұқановқа 8 млн 751 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Ол, сондай-ақ, мемлекеттік қызметте және басқа органдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Сонымен қатар ҚК 62-бабы 3-1-бөлігіне сәйкес сотталушының 11 сәуірден 5 қыркүйекке дейін қамауда болған мерзімі (әр күнге айыппұлдан 4 АЕК көлемінде шегеріледі, барлығы 147 күн) айыппұл көлемі 1 млн 715,196 мың теңгеге төмендетілді. Қ.Мұқановты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы үкім заңды күшіне енгенге дейін ешқайда кетпеу туралы қолхат берумен өзгертіліп, сот залынан босатылды. Сондай-ақ сотталушы полиция подполковнигі шенінен айырылды. Ол 7 млн теңге айыппұлды сот үкімі күшіне енгеннен кейін бір ай мерзім ішінде төлеуі тиіс.