Павлодарда 19 балабақшаның тозығы жеткен

Павлодарда 19 балабақшаның тозығы жеткен

Павлодарда 19 балабақшаның тозығы жеткен
ашық дереккөзі
Алдағы уақытта  Павлодардағы мектеп жасына дейінгі білім беру мекемелері толықтай жөндеуден өткізіледі деп хабарлады turkystan.kz  @Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. Бұл жайлы Павлодар облысы Білім беру басқармасының басшысы Самал Оспанова мәлімдеді.
Биылғы жылы мектептерді күрделі жөндеуден өткізуден бөлек, балабақшаларға да көңіл бөлеміз. Өкінішке қарай, бізде тозығы жеткен балабақшалар бар. Бізде  облыс бойынша бірінші кезекте күрделі жөндеуді қажет ететін 19 балабақша бар, оның бесеуінің жобалық құжаттамасы әзірленуде, - деді Самал Оспанова.
Сала маманы Павлодар қалалық балабақшаларында орын жетіспеушілігі жоқ екенін атап өтті.
Балабақшаға кезекке тұруға арналған арнайы Indigo қосымшасы бар. Ата- аналар балабақшаны таңдап, электронды түрде кезекке тұра алады. Қалалық балабақшаларда орын жетіспеушілігі бойынша мәселе жоқ. Алайда, Кенжекөл ауылында мектеп жасына дейінгі тоғыз жүзге жуық балаға бір ғана балабақша қарастырылған. Павлодар ауылында да бір ғана балабақша бар. Ата-аналардың өтініші бойынша 320 орындық балабақша салуды жоспарлап отырмыз,- деді Самал Оспанова.