Сирияда әскери тікұшақ апатқа ұшырады

5 қыркүйек, 2022 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөзі
Сирияда әскери тікұшақ апатқа ұшырады Сирияның орталығындағы Хама провинциясында Башар Асад режимі армиясына тиесілі әскери тікұшақ апатқа ұшырады деп хабарлады turkystan.kz. Оқыс оқиға 4 қыркүйек күні таңертең тіркелген. Белгілі болғандай, апат оқу-жаттығу кезіндегі техникалық ақауға байланысты болған. Оқиға салдарынан ұшақтың экипажы қаза тапты.