Қайрат Сатыбалды Дикий Арманды түрмеден шығарып алған — саясаткер

Қайрат Сатыбалды Дикий Арманды түрмеден шығарып алған — саясаткер

Қайрат Сатыбалды Дикий Арманды түрмеден шығарып алған — саясаткер
ашық дереккөзі
«Қазақстан» қонақүйінде өткен жиында Болат Әбілов Қайрат Сатыбалдының Дикий Арманды оппозицияға қарсы қалай пайдаланғаны жөнінде егжей-тегжейлі айтып берді деп хабарлады turkystan.kz sheraga.kz сайтына сілтеме жасап.
«2005 жылы 2 мамыр күні Парламент сайлауының қарсаңында Шымкентте бас қостық. Екі-үш күн бұрын Қайрат Сатыбалды Шымкентке келіп, Дикий Арманмен сөйлесті.  Оған «Сені түрмеден шығарамыз. Ертең оппозицияны «қарсы алып, шығарып саласың». Біз сені босатамыз» деп уәде берген», - деді Б. Әбілов.
Сөйтіп, адам өлтіріп, түрмеде отырған Дикий Арманды шығарып алған. Ол бір әйелді атып тастағаны үшін қамалған еді.
«Ол 100-200 бандитті жинап, біз жиналып отырған залға басып кіріп, топалаң жасады. Сот болған кезде Дикий Арман темір тордың арғы жағынан қолын беріп: «Аға, кешіріңіз. Маған өтініш жасады», — деп, кешірім сұрады. Оған биліктің адамдары тапсырма берген еді», – деді Болат Әбілов.
Саясаткер қылмыс әлемінің тәсілдерін, өкілдерін саясатқа араластыруды тоқтатуға шақырды.