Жаңалықтар

АҚШ елшісінің Мәскеуден кетуіне тура келді

ашық дереккөзі

АҚШ елшісінің Мәскеуден кетуіне тура келді

Бұрынғы президент Дональд Трамп тұсында тағайындалған АҚШ-тың Ресейдегі елшісі Джон Салливанның мерзімі аяқталды деп хабарлады turkystan.kz. «АҚШ-тың Ресей Федерациясындағы елшісі Джон Салливанның қызметі аяқталып, Мәскеуден кетті» деп жазылған елшіліктің сайтында. Салливан елші болып 2019 жылы желтоқсанда тағайындалған. АҚШ-тың Ресейдегі елшісі болып үш жылға жуық қызмет етті. Жаңа елші келгенге дейін оның қызметін елшінің орынбасары Элизабет Руд атқарады.