Боксшыларымыз әлемдік рейтингіде көш басында

Боксшыларымыз әлемдік рейтингіде көш басында

Боксшыларымыз әлемдік рейтингіде көш басында
ашық дереккөзі
Boxingscene.com сайты дивизиондар бойынша жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлады baq.kz.
Желтоқсанның аяғында аргентиналық Виктор Рамирес (22-3, 17 КО) спорттық жолын аяқтағандығын жариялап, рейтингтегі бірінші ауыр салмақтағы 10-шы орынды қазақстандық Бейбіт Шүменовке (17-2, 11 КО) босатты. Шүменов кезекті айқасын 11 ақпанда Майамиде өткізеді деп күтіліп отыр. Оның қарсыласы – кубалық Юниер Дортикос (21-0, 20 КО). Аты аңызға айналған комментатор, HBO, ESPN, FOX және SHOWTIME телеарналарында жұмыс істейтін Боб Шеридан қазақстандық Геннадий Головкинді 2016 жылдың үздік боксшысы деп атады. Бұл туралы Vesti.kz басылымы жазып отыр. «Мен Головкинді таңдаймын. Бірақ Андре Уорд пен Теренс Кроуфордты да таңдауға себептер бар. Роман Гонсалес та бар. Головкин — мықты боксшы. Ол жылдың үздік боксшылары жайлы айтылғанда ескерілу керек. Менің нұсқам осындай», — деді Боб Шеридан Ontheropesboxing.com басылымына берген сұхбатында. Айта кетейік, Головкин 2016 жылы екі жекпе-жек өткізген болатын. Сәуір айында америкалық Доминик Уэйдты нокаутқа түсірсе, қыркүйекте Келл Брукті жеңді.