Ерасыл Ерділдә Қырғызстандағы жарыстың абсолютті чемпионы атанды

Ерасыл Ерділдә Қырғызстандағы жарыстың абсолютті чемпионы атанды

Ерасыл Ерділдә Қырғызстандағы жарыстың абсолютті чемпионы атанды
ашық дереккөзі
Қазақстандық Ерасыл Ерділдә Шолпан-Ата қаласында (Қырғызстан) 18 жасқа дейінгілер арасында өткен үшінші санаттағы ITF турнирінің абсолютті чемпионы атанды деп хабарлады turkystan.kz ҚТФ-ға сілтеме жасап. Team Kazakhstan академиясының түлегі Ерасыл әуелі жұптық сында қазақстандық Виталий Зацепинмен бірге үздік шықты. Қазақстандық жұп финалда ресейліктер -  Макар Елесин, Даниил Степановты ұтты. Есеп - 6:3, 6:3. Содан кейін Ерасыл жекелей сында Д.Степановты айқын басымдықпен жеңді. Есеп- 6:1, 6:2. Осылайша, Қызылорда қаласында туып-өскен Ерділдә ITF додаларындағы бесінші титулына қол жеткізді. Сондай-ақ Францияның Дижон қаласында төртінші санаттағы ITF Juniors жарысында Зара Дәркен жұптық сында жеңімпаз атанды. Ол украиналық Анастасия Фирманмен бірге соңғы бәсекеде украиналықтар - Серафима Бобровникова, Стефания Пушкарьды тізе бүктірді. Есеп - 7:5, 6:3. Ереван қаласында 12 жасқа дейінгілер арасында екінші санаттағы Tennis Europe турнирінде Асқар Әмір өзінің халықаралық жарыстағы алғашқы трофейіне ие болды. Ол финалда ресейлік Павел Яромскиймен бірге ресейліктер - Филипп Смирнов, Аркадий Вахлиннен басым түсті. Есеп - 6:2, 6:7 (2:7), 10:7.