Ауғанстанда Ресей елшілігінің 2 қызметкері қаза тапты

Ауғанстанда Ресей елшілігінің 2 қызметкері қаза тапты

Ауғанстанда Ресей елшілігінің 2 қызметкері қаза тапты
ашық дереккөзі
Ресей Сыртқы істер министрлігі Ауғанстан астанасындағы теракт салдарынан Ресей елшілігінің екі қызметкерінің қаза тапқанын растады деп хабарлады turkystan.kz.
«5 қыркүйекте Кабул уақыты бойынша таңғы сағат 10:50-де Ресейдің Кабулдағы елшілігінің консулдық бөліміне кіреберіске жақын жерде белгісіз содыр жарылғыш затты іске қосқан. Шабуыл салдарынан дипломатиялық миссияның екі қызметкері қаза тапты, зардап шеккендер арасында Ауғанстан азаматтары да бар. Елшілік тергеу жүргізіп жатқан Ауғанстанның қауіпсіздік қызметімен тығыз байланыста», - делінген Ресейдің СІМ таратқан хабарламада.