Арыстанбек Мұхамедиұлының суицид жасамақ болғаны рас па?

Арыстанбек Мұхамедиұлының суицид жасамақ болғаны рас па?

Арыстанбек Мұхамедиұлының суицид жасамақ болғаны рас па?
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желі мен кейбір ақпарат құралдарында Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек  Мұхамедиұлының суицид жасамақ болғаны туралы  ақпарат тараған болатын. Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі осы ақпаратқа қатысты пікір білдірді деп хабарлады  turkystan.kz.
«Арыстанбек Мұхамедиұлы суицид жасамақ болды. Бірақ бұл 2022 жылдың мамыр айында, экс-директор уақытша ұстау изоляторында кезде болған», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 29 мамырда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сот санкциясымен Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалғанын мәлімдеді.