Арыстанбек Мұхамедиұлының суицид жасамақ болғаны рас па?
Әлеуметтік желі мен кейбір ақпарат құралдарында Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының суицид жасамақ болғаны туралы ақпарат тараған болатын. Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі осы ақпаратқа қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz.
«Арыстанбек Мұхамедиұлы суицид жасамақ болды. Бірақ бұл 2022 жылдың мамыр айында, экс-директор уақытша ұстау изоляторында кезде болған», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 29 мамырда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сот санкциясымен Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалғанын мәлімдеді.