«Студенттер далада қонып жүр»: Министрлік желіде тараған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

«Студенттер далада қонып жүр»: Министрлік желіде тараған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

«Студенттер далада қонып жүр»: Министрлік желіде тараған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді
ашық дереккөзі
Ғылым және жоғары білім министрлігі желіде тараған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді деп хабарлады turkystan.kz. «Алматыдағы студенттер далада қонып жүр» деген сарындағы хабарламалар соңғы күндері бірқатар ақпараттық сайт пен әлеуметтік желіде тараған еді. Ғылым және жоғары білім министрлігі оларды мұқият зерделеп, көпшілігі бір парақшадан алынғанын және ондағы мәліметтің расталмағанын хабарлайды. БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желідегі парақша иелері министрліктің баспасөз қызметіне ол студенттер жайлы нақты деректерді ұсына алмады. Осыған орай, қоғам өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдарын тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз», - деді Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметінен. Қазір университеттер шәкірттерді жатақханаға орналастырып жатыр. Қажет болған жағдайда орын жетпеген студенттер хостелдер мен қонақүйлерге орналастырылады.
«Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев студенттерді жатақханамен қамту мәселесі толық шешілгенше Алматыда болады. Ол жағдайды тікелей бақылауында ұстайды», - деді министрліктің баспасөз қызметі.