«Hasta la vista, baby»: Борис Джонсон енді немен айналысады?

«Hasta la vista, baby»: Борис Джонсон енді немен айналысады?

«Hasta la vista, baby»: Борис Джонсон енді немен айналысады?
ашық дереккөзі
Борис Джонсон Ұлыбританияның премьер-министрі лауазымынан 3 жарым жылға жуық уақыттан кейін кетіп барады. 6 қыркүйек күні ол консерватив партияның көшбасшысына жұмысын табыстайды. Харизмасы ерекше ол енді не істейді? Далада қалмасы анық. Биограф Эндрю Гимсон Джонсон лауазымынан кеткеннен кейін тыныш қана қайырымдылықпен айналысатын адамдардың қатарынан емес екеніне сенімі. Журналистика және жазу өнері Джонсон саясатқа келгенге дейін жазған мақаласы үшін өте жақсы гонорар алатын журналист болған. Ол газет-журналдарға жазу өнерін саясатқа араласқаннан кейі ғана тоқтатқан. Daily Telegraph газеті оған апта сайын шығатын газетінде материал жариялап тұру үшін жылына 275 мың фунт төлеген. Ендігі жерде Джонсон үшін көп төлейді деген талас туындауы мүмкін. Бұдан бөлек, Джонсон бұрынғы премьерлер секілді дәстүрге арналған мемуар жазуды қолға алатын да шығар. Сарапшылардың болжамынша, баспалар осындай кітап үшін ең кем дегенде 1 миллион фунт төлеуге дайын (1,5 миллион АҚШ доллары). Джонсон бұған дейін 8 кітап жазған (газет бағанындағы мақалаларын қоса алсақ), оның ішінде өзінің ізгі адамына айналған Уинстон Черчилл туралы биографиялық еңбегі бар. Алдымен мемуарға көшпес бұрын, оған Уильям Шекспир туралы жазып жатқан биографиялық еңбегін аяқтағаны дұрыс болар еді. Ол аталған кітапты 7 жылдан бері жазып келеді. Hodder & Stoughton баспасы болашақта жарыққа шығатын «Шекспир: данышпанның жұмбағы» атты еңбекке 2015 жылы жарты миллион фунт төлеп, 2016 жылы жарыққа шығады деп ойлап авторлық құқықты сатып алып қойған. Алайда сол кезде Ұлыбританияның ЕО-дан шығуы туралы референдум басталып, Джонсон сыртқы істер министрі кейін премьер болды – қысқасы, кітаптың шығуы кейінге қала берді.  width= Іссапардағы сөзшеңдігі Бұрынғы премьер-министр көпшілік ортасында жақсы сөйлеп те ақша таба алады. Джонсонның алдындағы Терезе Мэй осы, әлі аяқталмаған жылдың ішінде тоғыз рет сөз сөйлегені үшін 715 мың фунт ақша алған. Джонсонның да бұл салада қабілеті бар: 2019 жылдың наурызында Мэйдің үкіметінен кеткен кезде, әлі премьер болмай тұрған шағында бар-жоғы екі сөйлеген сөзі үшін 160 мың фунт алған: біреуі – банк қызметкерлерінің алдында, екіншісі – үнді медиаконцеріндегі жиналыста. «Ол көп жазып, көпшілік алдында жиі сөйлейтін болады, күдік болмасын», - дейді Лондон мэрі және премьер болған кезінде Джонсонның кеңесшісі болған лорд Адни-Листер. Кеңесшінің пікірінше, Джонсон өзіне өте маңызды тақырыптарда жиі көпшілік алдында сөйлейтін болады, соның ішінде Украина туралы Батыстың Ресеймен күресте көмек беру керек екені туралы айтылады. «Борис Джонсонды қазір ақша алаңдап отыр және оның ақшасының достарына қарағанда аз екені анық. Сондықтан ол бұл жағдайды ретке келтіру үшін бәрін істеуге тырысады», - деп топшалайды саясаттану саласының профессоры Тим Бейл.  width= Саясаттан аулақ кете ме? Премьерліктен кеткен Джонсон Палатадағы өзінің депутаттық орнын сақтап қалады. Жаңа үкімет оны министр ретінде ала қоймас. «Меніңше, ол жақын арада парламенттен кете қояды деп ойлаймын», - дейді лорд Адни-Листер. Дегенмен Джонсон қатардағы депутат ретінде бірде жақтап, бірде даттап әркімнің айтқанымен отыра алмас деген де ойды айтады. Бұған қарамастан Джонсоннан депутаттық мандатты тартып алуы да, тоқтатуы да мүмкін. Себебі пандемия кезінде оны Даунинг-стриттегі кеште болған дауы әсер етпек. Тіпті оның премьер лауазымынан кетуіне де сол себеп болған. Ол үшін депутаттардан құралған комиссия оның бұл әрекетін парламентті саналы түрде алдау деп баға беруі тиіс әрі шешім жасауы қажет. Ал келесі сайлауда (график бойынша 2024 жылы) Джонсон Лондонның солтүстік-батысындағы өзінің сайлау округінде жеңіске жетпеуі де мүмкін.  width= Камбэк Өзінің апта сайын өтетін жалпы Палатадағы «премьер-министрге сұрақ» кезінде Борис Джонсон соңғы сөзін «hasta la vista, baby» деп аяқтап еді. Келесі сайлауда консерваторлар жеңілсе, ол премьер немесе оппозиция лидері ретінде қайта келуі мүмкін бе? Консервативті партияның тарихы туралы кітаптың авторы профессор Тим Белл Джонсонның оралуын жоққа шығаруға болмайды деп санайды. «Егер консервативті партия келесіде қайтадан Борис Джонсонды шақыратын болса, онда олардың болашағына алаңдай бастайтын едім», - дейді Бейл.