Сейсмология институтының қызметкерлері қостанайлықтарға қолдау көрсетті

Сейсмология институтының қызметкерлері қостанайлықтарға қолдау көрсетті

Сейсмология институтының қызметкерлері қостанайлықтарға қолдау көрсетті
ашық дереккөзі
Сейсмология институтының қызметкерлері өрттен зардап шеккен қостанайлықтарға қолдау көрсетті деп хабарлады turkystan.kz.
«Қостанай облысындағы қайғылы оқиға кімнің болмасын қабырғасын қайыстырмай қоймады. Тұрғын үйлер, орман мен ауылшаруашылық жерлері отқа оранды. Орман мамандарының пікіріне сүйенер болсақ, орманды  қайта қалпына келтіруге кем дегенде 5 жыл уақыт кетеді екен. Жанған ағаштардың орнын қайта тазартып, отырғызуға барша ел болып өз үлесімізді қосу -  әрбір қазақстандықтың борышы. Өкінішке қарай, адам шығыны да тіркелді. Қаза тапқан азаматтың жақындары мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз. Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмология институты» ЖШС қызметкерлері орман өртінен зардап шеккен қостанайлықтарға қаражат аударып, қолдау көрсету басты міндеттіміз деп санаймын», – деді жер қыртысының флюидті режимі зертханасының меңгерушісі Елизавета Есенжігітова.