Жаңалықтар

1926 жылы түсірілген Ахмет Байтұрсынұлының бейнежазбасы табылды

ашық дереккөзі

1926 жылы түсірілген Ахмет Байтұрсынұлының бейнежазбасы табылды

Абылай Мауданов Facebook-тегі парақшасында 96 жыл бұрын түсірілген Ахмет Байтұрсынұлының бейнежазбасын жариялады деп хабарлады turkystan.kz. 1926 жылы Бакуде өткен Бүкілодақтық түркологтардың бірінші құрылтайына Қазақстаннан 4 делегат қатысқан. Олар -  Ахмет Байтұрсынұлы, Елдес Омаров, Біләл Сүлеев және Нәзір Төреқұлов. «Ахаң жүрген жолмен» танымдық экспедициясы құрылтай өткен ғимаратта жергілікті ғалымдармен кездесіп, деректер сұрастырған. Автордың айтуынша, ол Әзербайжан астанасына барған сапарында Бүкілодақтық түркологтар құрылтайынан түсірілген  бейнежазбасын көруге мүмкіндік алған. Онда құрылтай президиумында отырған Ахметтің бейнесін байқауға  болады.