Жаңалықтар

Қостанайда аңшылық дүкендегі болған жарылыс сәтінен видео тарады

ашық дереккөзі

Қостанайда аңшылық дүкендегі болған жарылыс сәтінен видео тарады

4 қыркүйек күні Қостанай қаласында «Оружейная палата» аңшылық дүкені өртенген болатын. Желіде дүкендегі жарылыс болған сәттен видео пайда болды деп хабарлады turkystan.kz. «Жарылыс салдарынан дүкеннің жеті қызметкері зардап шекті. Үшеуі күйік шалып, ауруханаға жатқызылды, ал төртеуі қаза тапты», - делінген Бас прокуратураның баспасөз хабарламасында.  Аталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 204-бабы 2-бөлігі (отпен абайсыз жұмыс iстеу арқылы ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе аса ірі залал келтірілген іс-әрекет), 292-бабы 3-бөлігі (абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды.