Топ-5 фильм: отбасымен кино көресіз бе?

Топ-5 фильм: отбасымен кино көресіз бе?

Топ-5 фильм: отбасымен кино көресіз бе?
ашық дереккөзі
Демалысты отбасымен көңілді өткізу үшін назарларыңызға 5 фильмді ұсынамыз. 1. «Менің қасқырым» (Mystère, 2022) 8 жасар Виктория әкесімен бірге қаладан тауға көшіп келеді. Бір күні серуендеп жүріп, олар бақташымен танысады. Бақташы қызға Секрет есімді күшікті сыйға тартады. Уақыт өте кішкентай күшіктің қауіпті жыртқыш болып өсеп келе жатқанын байқайды. [caption id="attachment_194880" align="alignnone" width="1280"] width= Фото:torrentanetu.ucoz.net[/caption] 2. «Қасқыр мен арыстан» (Le loup et le lion, 2022) Альма есімді жас пианист қыз балалық шағы өткен үйге оралады. Серуендеп жүргенде кішкентай қасқыр мен арыстанды тауып алады. Альма жануарларды үйіне алып келіп, жақындарынан жасырын түрде өсіреді. Бірге өскен достардың бір күні құпиялары ашылады. [caption id="attachment_194881" align="alignnone" width="1205"] width= Фото:film.ru[/caption] 3. «Көмектесіңіздер, мен достарымды кішірейтіп алдым!» (Hilfe, ich hab meine Freunde geschrumpft, 2021) Отто Леонардо атындағы мектепке жаңа оқушы қыз – Мелани келеді. Ол басты кейіпкер Феликске ұнап қалады. Бірақ жаңа оқушы келгеннен бері мектепте ұсақ ұрлық көбейіп кетеді. Феликстің достары оны Меланиден көре бастайды. Феликс пен Меланидің кездесуіне кедергі болады. Бұған ренжіген Феликс достарын 10 есе кішірейтіп тастайды. [caption id="attachment_194882" align="alignnone" width="1205"] width= Фото:filmatik.ru[/caption] 4. «Сиқырлы аңдар мектебі» (Die Schule der magischen Tiere, 2021) Бенни мен Иденің сиқырлы аңдарды болады. Бір қызығы – аңдар адам тілінде сөйлеп, балалардың жақын достарына айналады. Оларды алда қызықты оқиғалар күтіп тұр. Алайда балалар жаңа достарын ересектерден жасыра ала ма? [caption id="attachment_194883" align="alignnone" width="1205"] width= Фото:kinodozhdj.com[/caption] 5.«Лесси. Үйге оралу» (Lassie - Eine abenteuerliche Reise, 2020) Лесси есімді итті иесінен алып кетеді. Алайда, иесін қатты жақсы көретін Лесси бұрынғы үйіне оралу үшін қашып кетеді. Жолда талай қызықтарға тап болады. [caption id="attachment_194884" align="alignnone" width="1205"] width= Фото:kinofilmpro.ru[/caption]