Балабақша педагогтерін аттестаттаудың жаңа жүйесі енгізіледі

Балабақша педагогтерін аттестаттаудың жаңа жүйесі енгізіледі

Балабақша педагогтерін аттестаттаудың жаңа жүйесі енгізіледі
ашық дереккөзі
Балабақша педагогтерін аттестаттаудың жаңа жүйесі енгізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Президент балабақшаларда жұмыс істейтін педагогтердің жалақысын көбейтуді және жүктемелерін азайтуды тапсырды. Қазіргі уақытта балабақшаларда 1 педагогке 25 баладан келеді. Орташа жалақылары 147 мың теңгені құрайды. Бұл республика бойынша орташа жалақыдан төмен», - деді ол.
Министрдің дерегінше, балабақшаға баруға ниет етіп, кезекке тұрғандарды есепке алғанда 2-6 жастағы балалардың 88 пайызы, ал 3-6 жастағылардың 98 пайызы балабақшамен қамтылған. «Осыған орай, Президенттің тапсырмасы бойынша, тәрбиешілердің жүктемесі азайтылады және балаларды балабақшамен қамту бойынша қосымша шаралар қолданылады. Бұған қоса, балабақша педагогтерін аттестаттаудың жаңа жүйесі енгізіліп, жалақылары көбейтіледі», - деді Асхат Аймағамбетов.