Жаңалықтар

Шайқұмар болу қауіпті ме?

ашық дереккөзі

Шайқұмар болу қауіпті ме?

Бұл сұраққа нутрициолог, Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов жауап берді деп хабарлады turkystan.kz. «Шай ішу тәртібі Еуропа мен Шығыс елдерінде әртүрлі. Біз жақтарда шайды басым ішеді. Мен өзім Ұлытау өңірінде тұрдым. Бір самаурын шайды екі адам тауысып қоятын. Оның қандай зияны бар? Ешқандай зияны жоқ. Бәрі әдетке байланысты», - деді нутрициолог. Оның айтуынша, бәрі адам ағзасындағы суға байланысты. Міндетті түрде күніне бір жарым литр су ішу керек. «Оны қайдан алады? Шайды қосады, көжедегі суды қосады, тағы ішетін қымызы бар, оны қосады. Сонда нағыз керекті көлемнің мөлшері әртүрлі тағамдармен келіп жатады», - деді академик. Ғалым «ішілетін судың мөлшеріне тамақтың құрамында болатын суды қосуға болмайды» деген тұжырымға қатысты да айтты. «Кей білгіштер тамақтың құрамындағы суды есептеуге болмайтынын айтып жүр. Бос әңгіме. Суды көп ішкеннің зияны жоқ. Астың, мәнді тамақтардың бәрі сол судың ішінде қорытылады», – деді ол.