Министрлік өзі тапсырыс берген тауарды алуға мәжбүр болды
Министрлік өзі тапсырыс берген тауарды алуға мәжбүр болды
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі өзі тапсырыс берген тауарды сатып алуға мәжбүр болды. Бұл туралы Астана қалалық сотының интернет сайтындағы ақпараттардан белгілі болды.
Онда жарияланған мәліметтерге қарағанда, 2015 жылы «РесурсКоммерцСнаб» ЖШС мен «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі» ММ-сі арасында тауарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған. Екі тараптың өзара жасасқан шарттары бойынша талапкер тауарды жеткізуі қажет болған. Ол өз міндеттемелерін талапқа сай орындаған.
Алайда жауапкер тауарды алудан бас тартып, шарт бойынша міндеттемелерді бұзған. Азаматтық істі қараған Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты талап арызды толық қанағаттандырып, «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі» ММ-сін «РесурсКоммерцСнаб» ЖШС-нен жалпы сомасы 18.449.088 теңгені құрайтын тауарды қабылдау бойынша ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуге міндеттеді.