Жаңалықтар

Ресейде қазақстандық футболшының киімдері сатылып жатыр

ашық дереккөзі

Ресейде қазақстандық футболшының киімдері сатылып жатыр

Ресейлік жанкүйерлер ЦСКА футбол клубында өнер көрсететін Бахтиёр Зайнутдиновтың футболкаларын түрлі маркетплейсте сатып жатыр деп хабарлады turkystan.kz. Зайнутдинов әр матчтан кейін трибунадағы жанкүйерлерге өзінің жейдесін сыйға тартатын әдеті бар. Мұндай мүмкіндікті құр жібергісі келмеген кей адамдар осыдан ақша табуды көздеген. Интернетте мәскеулік ЦСКА мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы киген киімдердің сатылатыны туралы хабарлама өріп жүр. Әзірге бұл киімдерге сұраныс бар-жоғын нақты айту қиын.