Жексенбі, 5 Ақпан, 2023

БҰҰ тікұшағы апатқа ұшырады

Конго Демократиялық Республикасының (КДР) шығысындағы Вирунга қорығында БҰҰ-ға қарасты Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы (WFP) жалдаған тікұшақ апатқа ұшырады. Бұл туралы конголық Actualite жаңалықтар порталы хабарлаған деп жазды turkystan.kz.

«Тікұшақ апаты 2 қыркүйек күні таңертеңгі уақытта болды. Борттағы үш адам да ауруханаға жеткізілді», – деді оқиға болған аймақ басшысы Мвами Баума.

Нирагонго облысының әскери әкімшілігінің басшысы, полковник Идума Моленго БҰҰ тікұшағының апатқа ұшырағанын растады, бірақ оның себебін атамады.

Тікұшақтың маркасы туралы деректер әлі жарияланған жоқ.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button