Бейбіт Жукаев Таиландтағы жарыстың жартылай финалына шықты

Бейбіт Жукаев Таиландтағы жарыстың жартылай финалына шықты

Бейбіт Жукаев Таиландтағы жарыстың жартылай финалына шықты
ашық дереккөзі
Қазақстандық теннисші Бейбіт Жукаев Таиландтағы Bangkok Open челленджер турнирінің жартылай финалына шықты деп хабарлады turkystan.kz ҚТФ-ға сілтеме жасап. Ақтау теннис мектебінің түлегі, дүниежүзілік рейтингте 395-орында тұрған Б.Жукаев ширек финалда әлемнің 271-ракеткасы, монаколық Валентин Вашеромен тартысты кездесу өткізді. Екі сағаттан астам уақытқа созылған матчта қазақстандық теннисші 7:5, 3:6, 7:6 (7:2) есебімен жеңісті жұлып алды. Үшінші, шешуші сетте монаколық спортшы есеп 5:4 болған мезетте матчқа доп берді. Бірақ Бейбіт брейк жасап, таразы басын теңестірді. Сосын тай-брейкте айқын басымдылық танытты. Жукаев бәсеке барысында 18 эйс жасап, 3 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Бейбіт финалға шығу үшін әлемнің 432-ракеткасы, франциялық Артур Казомен таласады.