Қуат Хамитов жақында жекпе-жек өткізеді

2 қыркүйек, 2022 / Эльмира Ағабек
ашық дереккөзі
Қуат Хамитов жақында жекпе-жек өткізеді «Найман» лақап атымен танымал қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов әлеуметтік желідегі парақшасында келесі жекпе-жегі қашан өтетінін жариялады деп хабарлады turkystan.kz. Хамитов (23-7-2) Германия өкілі Зак Фатуллазадемен (19-12) кездеседі. Жекпе-жек оныншы қыркүйекте Атырауда Mergen Fighting Championship промоушен турнирінде өтеді. Айта кетейік, жыл басында қазақстандық спортшы ММА-дағы кәсіби мансабының аяқталғанын жариялаған еді. Бірақ жаздың басында қайта өнер көрсеткісі келетінін мәлімдеді.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ★★★𝐍𝐀𝐈𝐌𝐀𝐍★★★ (@kuat__khamitov)