Қазақстанда қар барысының саны 180-ге жетті

Қазақстанда қар барысының саны 180-ге жетті

Қазақстанда қар барысының саны 180-ге жетті
ашық дереккөзі
Қазақстанда Тәуелсіздік жылдарында алғаш рет қар барысы популяциясы 180-ге жетті. Бұл ғылыми түрде дәлелденіп, тіркелді. Халықаралық қар барыстары қорының директоры Арман Қашқынбеков Facebook-тағы парақшасында осындай жаңалықпен  бөлісті деп хабарлады turkystan.kz. Осы тұрғыда Экология министрлігі мен ұлттық парктер/ЕҚТА, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Зоология институты, Халықаралық қар барыстары қоры және UNDP, WWF ұйымдары бірлесіп жұмыс атқарып жатыр.
«10-нан астам ерекше қорғалатын табиғи аумақты құру, браконьерлікке қатысты қылмыстық жазаны қатайту, жем-шөп базасын дамыту, ғылыми экспедициялар мен алынған деректерді талдау, халықаралық ұйымдардың баға жетпес көмегі оң нәтижеге берді», - деп жазды Арман Қашқынбеков.
Айта кету керек, Мемлекет басшысы сирек кездесетін, Қызыл кітапқа енген жануарларды – киік, тазы және төбетті қорғау қажет екеніне үнемі назар аударып келеді. Елдегі жануарлардың барлық түрін қорғауға байланысты жүйелі жұмыс жүргізу үшін мол тәжірибені негізге алып, жабайы табиғатты қорғау жөніндегі Президенттік қор құру ұсынылған еді. Қазір азаматтарға арналған қор құрылып, табысты жұмыс істеп жатыр.