Ақыл тісті қандай жағдайда жұлу қажет?

2 қыркүйек, 2022 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөзі
Ақыл тісті қандай жағдайда жұлу қажет? Ақыл тіс, қарапайым тілмен айтқанда, тамақты қалыпты шайнауға арналған адамдағы бұрыннан қажет емес «сегіздік» дейді.  Жалпы, тістер атқаратын қызметтеріне қарай, кескіштер, азу тістер, премоляр және моляр болып бөлінеді. Ересек адамның қалыпты 28 тісімен қоса, 4 ақыл тісі болуы тиіс. Ақыл тіс 17-25 жас аралығында астыңғы тістердің толық қалыптасып, қальцийленіп қатайған кезінде ауырсынып, жарып шығады. Кейде дұрыс шықпай, түбірі қисық болады. Мұндай кезде қисық шыққан ақыл тіс басқа сау тістерді зақымдамау үшін жұлып тасталынады. Көптеген ғалымдардың пікірінше, ақыл тіске орын аз болуынан, не мүлдем жоқ болғандықтан ол қатардан шет шығады. Не сүйектен мүлде шықпай қалуы мүмкін. Астыңғы жақ сүйегінде ақыл тіске орын болмауы филогенезде адамның эволюциялық дамуына қарай жақсүйектің кішіреюінен болады. Филогенез* – организмдер топтарының эволюциялық дамуын зерттейтін ғылым. Ақыл тісті қандай жағдайда жұлу қажет? Егер сіз тіс дәрігеріне жиі қаралып және жақ сүйегінің рентген суретін жасатып тұрсаңыз, онда сізге ақыл тісін жұлдырудың қажеті жоқ. Бұл орайда, сіз ақыл тісінің дұрыс өспеуін ертерек біле аласыз және тіс жұлдыру отасымен алдын алуға болады. 25 жастан кейін барлық сүйек тіндері толықтай қалыптасатындықтан, тісті жұлу күрделірек және тіндердің жазылуы баяу болатындықтан дәрігерлер тіс жұлдыру отасын ертерек жасатуға кеңес береді.