Жаңалықтар

Түркістан облысының тұрғындары медициналық пойызда тегін тексеруден өте алады

ашық дереккөзі

Түркістан облысының тұрғындары медициналық пойызда тегін тексеруден өте алады

2 қыркүйектен бастап «Медициналық пойыздар» жобасы Түркістан облысында. Пойыздың білікті қызметкерлері алдымен Шойтөбе станциясының тұрғындарын қабылдайды. Заманауи медициналық техникамен жабдықталған «Жәрдем» консультативтік-диагностикалық пойызы Түркістан облысында бір ай бойы болып, 16 шалғай елді мекенге барады: 2-3 қыркүйек – Шойтөбе, 4-5 қыркүйек – Тимур, 6-7 қыркүйек – Талдықұдық, 8-9 қыркүйек – Шағыр, 10-11 қыркүйек – Монтайтас, 12-13 қыркүйек – Шанақ, 14-15 қыркүйек – Шеңгелді, 16-17 қыркүйек – Жылға, 18-19 қыркүйек – Дарбаза, 20-21 қыркүйек – Қалаш, 22-23 қыркүйек – Бадам, 24-25 қыркүйек – Игілік, 26-27 қыркүйек – Қызылсай, 28-29 қыркүйек – Ынтымақ, 30 қыркүйек-1 қазан – Сас-Төбе, 2-3 қазан – Көктерек. Бұл уақыт аралығында медициналық пойыз дәрігерлері өңірдің 10 000 тұрғынын қабылдайды деп жоспарланған. Пойызда 18 қызметкер бар: терапевт, педиатр, кардиолог, невропатолог, көз, мұрын, құлақ дәрігері, гинеколог, хирург, уролог, маммолог, стоматолог, психолог және дерматовенеролог. Пойыз ультрадыбыстық кабинетпен, зертханамен, стоматологиялық және басқа да жабдықтармен қамтылған. Майтоғай станциясының 70 жастағы тұрғыны Амангүл Молжігітова медициналық пойыздың бірнеше маманынан тексеруден өтті. «Мен бүгін көз, жүрек, бүйрек және бауырымды тексерттім. Дәрігерлер бәрі жақсы екенін айтты. Тек көз тамшыларын жазып берді. Медициналық пойыздың қызметкерлеріне қамқорлық танытып, кәсібилігі мен шыдамдылығы үшін алғыс айтқым келеді. Бұл жобаны ұйымдастырғандарға шалғай ауылдарда тұратындардың денсаулығына немқұрайлы қарамағандары үшін жеке рақмет», – деп алғысын білдірді Амангүл Молжігітова. Естеріңізге сала кетейік, «Жәрдем» медициналық пойызы 23 мамырдан 6 қарашаға дейін 80 станцияға барады, онда шалғайдағы ауылдар мен темір жол разъездерінен 43 мыңнан астам пациент білікті медициналық көмекпен қамтылады. «Саламатты Қазақстан» пойызымен бірге медициналық қызметке мұқтаж шалғай станциялардың тұрғындарына алғашқы медициналық-санитарлық және консультативті-диагностикалық көмек көрсетеді. «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарын қабылдап жатыр.