Гүлнар Мұратбаева: Әлеуметтік жетістік азаматтардың білім деңгейімен анықталады

Гүлнар Мұратбаева: Әлеуметтік жетістік азаматтардың білім деңгейімен анықталады

Гүлнар Мұратбаева: Әлеуметтік жетістік азаматтардың білім деңгейімен анықталады
ашық дереккөзі
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының профессоры Гүлнар Мұратбаева Президенттің Қазақстан халқына Жолдауына қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz.
«Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының негізгі идеясы – әр салада жаңа реформалар ұсынып, олардың жаңа бағытта жүзеге асуын қамтамасыз ету. Білім беру саласына енгізілетін жобалар жастардың табысты білім алуына қолдау көрсетуімен ерекшеленді. Жастардың білімі мемлекеттің қаруы саналатындықтан, олардың білім ала жүріп еңбек етуге, бизнес және кәсіпкерлікпен айналысуына жол ашу ұсынылды. «Еңбекқор адам ең сыйлы адам болуы тиіс», – деген Президент сөзі бүгінгі күннің басты қағидасына айналса, халықтың әл-ауқатының көрсеткіші артады деп пайым жасауға болады», - деді Гүлнар Мұратбаева.
Ол білім мен ғылым саласындағы жүйелі өзгерістер әлемдік деңгейдегі жаңашыл бастамалармен үндесіп, интеллектуалдық және рухани ресурстарының қайнар көзі ретінде басты рөл атқаруы тиіс екенін айтты.
«Себебі, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік жетістіктері ең алдымен оның білім беру жүйесімен, азаматтарының білім деңгейімен анықталады. Ұлт мүддесіне ұйысуға шақырған Жолдауда ұлттық сананы, психологияны, ойлау жүйесін, дүниетанымын, парасатын, рухын, бейнесін, сондай-ақ ұлттың инновациялық қабілетін дамыту көзделді»,  - деді педагогика ғылымының докторы.