Түркияда түнгі клубқа оқ жаудырған Өзбекстан немесе Қырғызстан азаматы болуы мүмкін

Түркияда түнгі клубқа оқ жаудырған Өзбекстан немесе Қырғызстан азаматы болуы мүмкін

Түркияда түнгі клубқа оқ жаудырған Өзбекстан немесе Қырғызстан азаматы болуы мүмкін
ашық дереккөзі
Клубқа Аяз атаның киімін киген белгісіз екі адам көпшілікке шабуыл жасаған. Ғимаратта 800-ге жуық адам болған көрінеді. Қайғылы оқиға орнында 35 адам қаза тауып, тағы 40 адам жараланған.
Алайда соңғы мәлімет бойынша, клубта 39 адам ажал құшып, 69-ы жараланғандығы анықталды. Марқұмдардың 16-сы – шетелдік. Атыс кезінде шошынған адамдардың кейбіреуі Босфор бұғазына секіріп кеткен. Ыстамбұл губернаторы шабуылды лаңкестік әрекет деп атады. Бұған дейін ақпарат құралдары қаскөйдің көзі жойылды деп хабарлаған. Алайда Түркияның ішкі істер министрі бұл ақпарды растаған жоқ. Қазір күштік құрылым өкілдері қаскүнемді іздестіріп жатыр.
Ыстамбұлдағы лаңкестік оқиғада қаза тапқандардың саны артып жатыр. Түркия Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу қанды шабуылдан 39 адам ажал құшып, 69-ы жарақат алғаны жөнінде хабарлады. Ал күштік құрылымдар лаңкесті құрықтау бойынша ел ішінде кең ауқымды операция бастады.
 Сүлейман Сойлу, ТР Ішкі істер министрі:
- 39 адам қаза тапты. Қазіргі таңда 21 азаматтың жеке басын анықтадық. Тағы 18-іне қатысты анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардың 16-сы шетел азаматтары. Ал 69 жаралы ауруханаларда медициналық көмек алуда. 4 кісінің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. Ыстамбұлдағы лаңкестік әрекет салдарынан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Қазір жергілікті дипломаттар қосымша ақпарат алу мақсатында құқық қорғау органдарымен жұмыс жүргізіп жатыр. Атап өту керек, былтыр Түркияда 28 ірі террорлық акт тіркелді. Ал бүгінгі Ыстамбұлдың түнгі клубындағы қанды шабуыл 2017 жылдың алғашқы лаңкестік оқиғасы болып отыр. Жергілікті тұрғындар, жаңа жыл қайғылы оқиғамен басталғанына өкініш білдіріп, қаза тапқан отбасыларға көңіл айтуда.
Джемиль Гюмуш, Ыстамбұл қаласының тұрғыны:
- 2017 жылдың алғашқы сағатында Түркияда кезекті террорлық оқиға болды. Ондаған адам қаза тапты, жаралылар да жетерлік. Негізі 2015 жылдан бері елімізде лаңкестік шабуылдар күрт жиіледі. Құдды бір барлық террорлық ұйымдар Түркияға жабылып жатқандай әсер қалдырады. Әлбетте, бұл қайғылы оқиғалардан халықтың жүрегі шайылып, бойларын үрей билеп алды. Бұл жақсылықтың нышаны емес. Күні кеше Ыстамбұл муниципалитеті Жаңа жыл қарсаңында қаладағы қоғамдық орындар мен сауда орталықтарында қауіпсіздік шараларын күшейетінін мәлімдеп, тұрғындарды құлағдар еткен. Бірақ қоғамдық тәртіп күшейгеніне қарамастан қаскөйлер айланың сан тәсілін пайдаланып, қой терісін жамылған қасқырлардай жаңажылдық кешке Санта Клаус болып келіп, бейкүнә жандарды жайпап салды. Қазір әлем елдері бұл жантүршігерлік шабуылды қатаң айыптап, қайғы жұтқан түрік халқына көңіл айтып жатыр. Алды ала мәліметтер бойынша түнгі клбуқа оқ жаудырған қаскөй Өзбекстан не Қырғызстан азаматы болуы мүмкін.