Ләззат РАМАЗАНОВА, Мәжіліс депутаты: Зейнетақы жүйесінің жаңа топтамасы ұсынылды
Ләззат РАМАЗАНОВА, Мәжіліс депутаты: Зейнетақы жүйесінің жаңа топтамасы ұсынылды
– Президенттің биылғы Жолдауында көтерілген өте маңызды бір бастама – әйелдердің зейнет жасын 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде қалдыру. Бұған дейін жоспарланған 63 жасқа дейін көтеру бастамасы бес жылға тоқтатылды. Бірақ сол бес жылдың ішінде жаңа оңалту орталықтары құрылмақ. Онда тұрғындардың денсаулығын жақсартуға барлық мүмкіндік қарастырылмақ. Соның ішінде үлкен кәсіпорындарда жұмыс істейтін әйелдерге де көмек беріледі. Бұл мәселені шешуде Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия ғана емес, сонымен қатар Еңбек министрлігінің жанынан құрылған жұмыс топтарында өзін көрсеткен, өз позициясынан таймаған нақты қоғам белсенділерінің де рөлі зор. Бұл – ашық конструктивті диалогтің маңызы зор әлеуметтік мәселелерді шешуге септігін тигізетінінің тағы бір дәлелі.
Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша жаңа шаралар топтамасы ұсынылды.
Ең төменгі базалық зейнетақының мөлшерін 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2027 жылға дейін кезең-кезеңімен ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызынан 70 пайызына дейін, сәйкесінше ең жоғарғысын 100 пайыздан 120 пайызға дейін жеткізу көзделеді. Аталған шаралар 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақыны орташа 27 пайызға арттыруға жағдай жасайды және 2 млн зейнеткерді қамтиды.
Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша жаңа шаралар топтамасы ұсынылды. Олардың бірі – 2023 жылдан бастап әйелдердің зейнеткерлік жасын жоспар бойынша арттыруды 61 жас деңгейінде 5 жылға дейін тоқтата тұру. Бұл шара әлемді жайлаған пандемияның азаматтардың денсаулығы мен өмір сүру ұзақтығына теріс әсер еткенін ескере отырып қабылданды. Алдағы 5 жыл ішінде денсаулық сақтау жүйесін жақсарту жөнінде шаралар қабылданатын болады. Бұл ретте ауыл медицинасына, азаматтардың денсаулығын қалпына келтіруге және қолдауға бағытталған оңалту орталықтары желісін құруға, сондай-ақ кеңейтуге ерекше назар аударылатын болады.