БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің бірінші мәжілісінде Барлыбек Садықов өкілдік етеді
БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің бірінші мәжілісінде Барлыбек Садықов өкілдік етеді
ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері 3 қаңтар күні өтетін Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Қауіпсіздік Кеңесінің бірінші мәжілісінде Қазақстан атынан кімнің өкілдік ететінін айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-нің тілшісі.
Ведомствоның баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақовтың айтуынша, БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің 3 қаңтар күні өтетін бірінші мәжілісінде Қазақстан атынан Барлыбай Садықов өкілдік етеді. «3 қаңтар күні Нью-Йоркте жабық режимде БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің бірінші мәжілісі өтеді. Онда Швецияның төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің қаңтар айындағы жұмыс жоспары қаралады. Мәжілісте Қазақстан атынан БҰҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілінің орынбасары Барлыбай Садықов өкілдік етеді.
Ол қазіргі таңда ұйымның уақытша сенім білдірген қызметкері болып табылады. Сыртқы істер министрлігі БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіндегі біздің жұмысымыз туралы тұрақты түрде ақпарат беріп отырады»,-деп атап өтті Әнуар Жайнақов. Ол сонымен қатар қаңтар айында қазақстандық делегация өкілдерімен тағы бірнеше мәжілістер өтетінін айты. Айта кетейік, БҰҰ-ның Жарғысы Қауіпсіздік Кеңесін қоса алғанда ұйымның 6 бас органын құруды қарастырады.
Жарғы халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауды Қауіпсіздік Кеңесінің басты жауапкершілігі етіп қояды. Әлемге қауіп төнген жағдайда ұйым өкілдері кез келген уақытта бас қосады. БҰҰ-ның барлық мүшелері Қауіпсіздік Кеңесінің шешіміне мойынұсынуға және оны орындауға келіседі. БҰҰ-ның өзге органдары ұйымға мүше елдерге кеңес берумен шектелетін болса, Қауіпсіздік Кеңесі нақты шешімдер қабылдай алады және оны ұйымға мүше мемлекеттердің барлығы Жарғы ережесі бойынша орындауға міндетті. Айта кетейік, Нью-Йоркте
1 қаңтарда, БҰҰ-ның штаб-пәтерінде ұйымның Қауіпсіздік Кеңесінің залының алдында Қазақстанның Мемлекеттік туын қою рәсімі өтті.