Жаңалықтар

Атырау мұнай өңдеу зауытында тексеру жүріп жатыр

ашық дереккөзі

Атырау мұнай өңдеу зауытында тексеру жүріп жатыр

Атырауда бірнеше түн қатарынан жағымсыз иіс жайлап, тұрғындардың көпшілігі бас ауруына, әлсіздікке, жүрек айнуына шағымдануда деп хабарлады turkystan.kz Ақжайық басылымына сілтеме жасап. Осыған байланысты облыстық Экология департаменті Атырау мұнай өңдеу зауытын жоспардан тыс тексеруді бастады. «Бұл мұнай өнімдерінің иісі. Біз Атырау мұнай өңдеу зауытын жоспардан тыс тексеруді бастадық, қазір біздің қызметкерлер зауытта. Бұдан басқа, зертхана желдің бағыты бойынша атмосфералық ауаны бақылайды. Ал жел қазір оңтүстік-батыс, яғни зауыт жақтан соғып тұр», - деп түсіндірді Атырау облысы бойынша Экология департаментінің басшысы Әлібек Бекмұхамбетов.