Ерлан Қошанов: Президент батыл да маңызды бастамаларды көтерді

Ерлан Қошанов: Президент батыл да маңызды бастамаларды көтерді

Ерлан Қошанов: Президент батыл да маңызды бастамаларды көтерді
ашық дереккөзі
«AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Мемлекет басшысының еліміздегі әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған Жолдауына қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялап, ел дамуының бағыт-бағдарын айқындап берді. Қазіргі күрделі кезеңде Қазақстанның келешекке кемел қадам басуын қамтамасыз ету үшін Президент батыл да маңызды бастамаларды көтерді. Жолдау еліміздің саяси өмірін жандандырып, экономикалық-әлеуметтік дамуына тың серпін беретін үлкен жаңалықтарға толы болды», - деді Ерлан Қошанов.
«AMANAT» партиясы төрағасының айтуынша, ең бастысы, халықтың әлеметтік жағдайы әрдайым мемлекеттің басты назарында қала бермек.
«Жолдауда айтылған жайттардың түпкі мақсаты – жұрттың тұрмысын жақсарту, әл-ауқатын арттыру. Саяси, экономикалық реформалардың, игі бастамалардың бәрі осыған бағытталған. Президент Жолдауы әділетті Қазақстан құру жолында жасалған тағы бір ірі қадам болды деп есептеймін. Экономиканы дамыту, бизнеске тең жағдай жасау үшін ашықтық пен әділдік қажет. Президент осы бағытта біраз ұсыныстарын ортаға салып, жаңа заңдар әзірлеуді тапсырды. Бұл бағытта Мәжіліс белсене жұмыс атқаратын болады. Елді елең еткізген жаңалықтардың бірі – алдағы саяси науқандар мен электоралдық кезеңдер кестесінің жариялануы, Мемлекет басшысының президенттік мандатты 7 жылдық 1 мерзімге қысқарту жөніндегі ұсынысы. Оны көпшілік қолдауда. Жалпы, Жолдауда көрініс тапқан ауқымды реформаларды қалың жұртшылық ерекше ықыласпен қабылдап жатқанын көріп отырмыз», - деді Ерлан Қошанов.