Парламент Мәжілісінің депутаты өз өкілеттігін тоқтатуға өтініш берді

Парламент Мәжілісінің депутаты өз өкілеттігін тоқтатуға өтініш берді

Парламент Мәжілісінің депутаты өз өкілеттігін тоқтатуға өтініш берді
ашық дереккөзі
Депутаттар Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Андрей Линниктің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға дауыс берді деп хабарлады turkystan.kz.
«Парламент Мәжілісінің депутаты Андрей Григорьевич Линник депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш берген. Осыған байланысты Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы ҚР Конституциясының 52-бабына және «Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық Заңының 24-бабының 3 және 8-тармақтарына сәйкес депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыныс енгізді», - деді комиссия мүшесі Шавхат Өтемісов.
Отырысқа 99 депутат қатысты, барлығы бұл шешімді бірауыздан мақұлдады. Андрей Линникке депутаттық корпустың алғыс хаты табыс етілді. Андрей Линник 1974 жылы 22 наурызда Жамбыл облысы Ново-Воскресеновка ауылында дүниеге келген. «Салық құқығы, салықтық тергеу» мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, сондай-ақ «менеджмент» мамандығы бойынша Халықаралық бизнес академиясын және Алматы менеджмент университетін «іскерлік әкімшілік ету» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек өтілі: Жеке кәсіпкер (1993-2003); «Алмалыбақ» ӘКК төрағасының орынбасары, Алматы қ. (2004-2009); «Газпром нефть-Казахстан» ЖШС директорының орынбасары, Алматы қ. (2009-2012); «Форпост - инвестиции и развитие» ЖШС Бас директорының орынбасары, Астана қ. (2012-2014); «Форпост - инвестиции и развитие» ЖШС Бас директоры, Астана қ. (2014-2018); «ASPARA MUNAY» ЖШС Бас директоры, Алматы қ. (2018-2021) Сайланбалы қызметтері, депутаттық: «Ақ Жол» ДП ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат (05.02.2016, 04.12.2020), Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі (14.01.2021-07.09.2022).