Бейбіт Жукаев Таиландтағы жарыстың ширек финалына шықты

Бейбіт Жукаев Таиландтағы жарыстың ширек финалына шықты

Бейбіт Жукаев Таиландтағы жарыстың ширек финалына шықты
ашық дереккөзі
Қазақстандық Бейбіт Жукаев Таиландтағы челленджер жарысының ширек финалына шықты деп хабарлады turkystan.kz ҚТФ-ға сілтеме жасап. Дүниежүзілік рейтингте 395-орында тұрған Бейбіт екінші айналымда әлемнің 384-ракеткасы, жапониялық Сё Симабукуромен ойнады. Қазақстандық теннисші 2:6, 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Үш сетке жалғасқан матч 1 сағат 49 минутқа созылды. Осы мерзімде Бейбіт 18 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың екеуін пайдалана білді. Жукаев жартылай финалға шығу үшін монаколық Валентин Вашеромен таласады.