Бейбіт Жукаев Таиландтағы жарыстың ширек финалына шықты

1 қыркүйек, 2022 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөзі
Бейбіт Жукаев Таиландтағы жарыстың ширек финалына шықты Қазақстандық Бейбіт Жукаев Таиландтағы челленджер жарысының ширек финалына шықты деп хабарлады turkystan.kz ҚТФ-ға сілтеме жасап. Дүниежүзілік рейтингте 395-орында тұрған Бейбіт екінші айналымда әлемнің 384-ракеткасы, жапониялық Сё Симабукуромен ойнады. Қазақстандық теннисші 2:6, 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Үш сетке жалғасқан матч 1 сағат 49 минутқа созылды. Осы мерзімде Бейбіт 18 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың екеуін пайдалана білді. Жукаев жартылай финалға шығу үшін монаколық Валентин Вашеромен таласады.