Шахтинскіде көпқабатты үй құлап, 9 адам қаза тапты

Шахтинскіде көпқабатты үй құлап, 9 адам қаза тапты

Шахтинскіде көпқабатты үй құлап, 9 адам қаза тапты
ашық дереккөзі
Жексенбіден дүйсенбіге қараған түні Қарағанды облысы Шахтинск қаласы Шахан ауылында көпқабатты үй құлап, 9 адам қаза болды.
Бұл туралы Шахан ауылы әкімдігі жанынан құрылған жедел штабтан хабарлады. «9 адам қаза тапты, 2 азамат ауруханаға жеткізілді, үйінді астында қалып қойған 2 адамды құтқару жұмысы жүріп жатыр», – дейді құтқарушылар.
Алдын ала мәліметке сүйенсек, үйдің құлауына жылыту қазандығының жарылуы себеп болған. Қаза болғандар арасында 3 ер, 3 әйел және 3 бала бар. Балалардың біреуі 2010, екеуі 2016 жылы туған. ТЖД мамандарының айтуынша, қазір құтқару жұмысына 280 қызметкер мен ауыр инженерлік техника тартылған.
Подъезд құлаған 60 пәтерлік 4-үйде 118 адам тұрған. Үй 1987 жылы салынған. Құлаған 10 пәтері бар подъезде 20-дан аса адам тұрған. Алдын ала болжамға сәйкес, жазатайым оқиға жылу жүйесі қазандығының жарылу салдарынан болған. Бірақ апат себебі әлі анықталып жатыр.