31 жастағы Камиль Ақатов Ғылым және жоғары білім вице-министрі болып тағайындалды
31 жастағы Камиль Ақатов Ғылым және жоғары білім вице-министрі болып тағайындалды
Үкіметтің қаулысымен Камиль Ерғалиұлы Ақатов Ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
Камиль Ақатов 1991 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Вуллонгонг университетін (БАӘ), Қазақ технология және бизнес университетін, Astana IT University-ді тәмамдаған.
2015-2016 жылдары - «Қазақстандық МЖӘ орталығы» АҚ Жобалау департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы.
2016-2022 жылдары «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ-да бас менеджер, аға менеджер, басқарма бастығы, департамент директоры болып жұмыс істеді.
2022 жылдың қаңтарынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Qazinnovations» иновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.