Дүйсенбі, 26 Қыркүйек, 2022

Қазақстандық дойбышы әлем чемпионы атанды

Кранево қаласында (Болгария) дойбы 64-тен жас ерекшеліктеріне қарай жастар арасында әлем чемпионаты мәресіне жетті деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Дойбыдан БҚО құрамасының аға жаттықтырушысы Данияр Жұмагелдиевтің мәлім еткеніндей, дүниежүзілік додаға әлемнің 15 елінен 200-дей дойбышы қатысып, бақ сынады. Чемпионат дойбының рапид, блиц және классика түрлері бойынша өткізілді.

Қазақстандық дойбышы әлем чемпионы атанды

Рапидтен Қазақстан қоржынына үш медаль түсті. Батысқазақстандық Алтынай Саматова 9 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионы атанды. 14 жасқа дейінгілер арасында тағы бір батысқазақстандық Айбек Есенғалиев күміс жүлдеге ие болды. 20 жасқа дейінгілерден Түркістан облысының өкілі Есбол Еренғайып қоланы еншіледі. Блицтен 27 жасқа дейінгілер арасында батысқазақстандық Алтынай Жұмагелдиева өз спорттық жолында жетінші рет әлем чемпионы болды.

А.Саматова тағы бір алтын жүлдені еншілесе, оралдық Тоғжан Тәжібекова 17 жасқа дейінгілер арасында екінші орынға көтерілді.

 

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button