Доллар бағамы төмендеді
Доллар бағамы төмендеді
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді деп хабарлады turkystan.kz.
Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сүйенсек, күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 0,86 теңгеге төмендеп, 471,43 теңгеге тең болды. Ал доллардың 1 қыркүйектегі ресми бағамы - 472,21 теңге.