Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен сөйлесті
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап. Қазақстан мен Ресей Президенттері екі мемлекет арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынасын одан әрі дамыту жөнінде пікір алмасқан. Әңгіме барысында мемлекет басшылары жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырып келе жатқан үкіметтердің тиімді өзара іс-әрекетін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге ТМД, АӨСШК саммиттеріне, сондай-ақ қазан айының ортасында Қазақстан астанасында өтетін «Орталық Азия – Ресей» мемлекеттер басшыларының отырысына қатысуға келіскеніне ризашылығын білдірді. Президенттер тұрақты жұмыс байланысын жалғастыруға келісті.