Президент Жолдауын тыңдады
Президент Жолдауын тыңдады
Атырау облысы бойынша №75 мекеме (тергеу изоляторы) басшылығы мен жеке құрамы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын тыңдады.
Мемлекет басшысы өз сөзінде әділ Қазақстанды құруға бағытталған негізгі реформаларды атап өтті. Жолдауда жаңартылған Конституцияны нығайтуға, ел Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізуге, сыбайлас жемқорлықты жоюға, нашақорлыққа қарсы күреске, қоғамдағы, әсіресе отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы зорлық-зомбылық деңгейін төмендетуге назар аударды.