Шымкенттегі Еңбекші ауданында жол мәселесі оң шешімін тапты

Шымкенттегі Еңбекші ауданында жол мәселесі оң шешімін тапты

Шымкенттегі Еңбекші ауданында жол мәселесі оң шешімін тапты
ашық дереккөзі
«AMANAT» партиясы Еңбекші аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде тұрғындардың мәселесі тыңдалды. Қабылдауға Базарқақпа тұрғын алабында орналасқан Жастар көшесінің тұрғындары атынан Мейрамбек Акрамханов келіп, аудандағы жолдың жөндеу көрмегеніне біраз болғанын айтты. Өтініш берушінің мәселесімен «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық, Еңбекші аудандық филиалының төрағасы Досбол Есілбек танысып шықты. Нәтижесінде аудан әкімі мен қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ықпалымен «Адал арна» ЖШС тарапынан жолдарға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарға енген. Аталған мәселе бойынша тамыз айында Жастар көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт қабаты төселді. Мәселе оң шешімін тапты.