Жаңалықтар

Саясаттанушы: Жаңа Қазақстанға – жаңа депутаттар, жаңа тұлғалар керек

ашық дереккөзі

Саясаттанушы: Жаңа Қазақстанға – жаңа депутаттар, жаңа тұлғалар керек

Қоғам белсендісі Самат Нұртаза Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz. Ол Президенттің Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын 18 жасқа дейін балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аудару туралы ұсынысының тарихи шешім екенін айтты.  «Балаларға ақша төлеу. Бұл – түсімізде көрмеген құбылыс. Барлығымыз бала асырап отырмыз. 18 жасында азды-көпті қаражатпен баспана мәселесін шешсе қандай керемет. Президентіміз болашақ ұрпақ үшін тарихи шешім жасап кетті», – деді ол. Самат Нұртаза Мемлекет басшысының кезектен тыс Президенттік сайлауға қатысты мәлімдемесін күтпегенін жеткізді. «Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы Президенттік сайлауды 2022 жылға жылжытуы, бұл - оң қадам. Мен тіпті «Ел үшін құрбандық» деп айтар едім. Тыныш отыра берсе, ешкім ештеңе демес еді, бірақ өзінен кейін болатын Қазақстан Президенттері үшін жасаған қадам деп білемін. «7 жылдан кейін адам билікке мастана бастайды» деген философия жатуы ықтимал. Парламент сайлауын күттік. Жаңа Қазақстанға жаңа депутаттар, жаңа тұлғалар, жаңа азаматтар керек. Елдің ішінде беделі бар, ел ішінде сөзі өтетін, ел мен жерді ойлайтын адамдар депутат болуы тиіс. Бүгінгі Мәжілісте жақсы адамдар бар, олар өз орындарын сақтап қалу керек», – деді қоғам белсендісі.