Жаңалықтар

Мұнай өндіретін елде битумның тапшы болуы - ұят жағдай – Президент

ашық дереккөзі

Мұнай өндіретін елде битумның тапшы болуы - ұят жағдай – Президент

Автожол құрылысына, соның ішінде жергілікті жолдардың сапасына баса мән беру керек. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. «Бюджеттен қыруар қаржы бөлінсе де, бұл мәселе әлі шешімін таппай отыр. Мен 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде тапсырма бердім. Үкімет бұл мәселені тікелей бақылауға алсын. Жол құрылысындағы заңсыздықтарды анықтау қажет. Бұл жұмыстан нақты нәтиже шығару керек. Бізде әлі күнге дейін битум тапшы. Бұл – ірі көлемде мұнай өндіретін ел үшін, тіпті, ұят жағдай», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысының айтуынша, Үкімет осы мәселені түбегейлі шешуге тиіс. «Жалпы, ашығын айтуымыз керек, Үкіметтің жұмысында қайта-қайта олқылықтар болып жатыр. Біресе жанар-жағармай, біресе қант жетіспейді. Осының бәрі Үкіметтің нақты шешім қабылдауға келгенде өте баяу қимылдап, батыл қадам жасай алмауынан болып отыр. Мұндай жағдайға азаматтардың да көңілі толмайды. Әрине, бұл – орынды. Сондықтан, дәл осылай жалғаса берсе, тағы да нақты кадрлық шешімдер қабылдауға тура келеді», - деді ол.