Жаңалықтар

Қандастардың көшіп келуіне және ішкі миграцияға қатысты саясат түбегейлі өзгереді

ашық дереккөзі

Қандастардың көшіп келуіне және ішкі миграцияға қатысты саясат түбегейлі өзгереді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында қандастардың көшіп келуіне және ішкі миграцияға қатысты саясат түбегейлі өзгеретінін айтты. «Бұл орайда, демографиялық және экономикалық үрдістерді ескеру керек. Сондай-ақ жалпыұлттық мүддені басшылыққа алу өте маңызды. Қуатты ұлттың діңгегі – халық. Ең бастысы, азаматтарымыздың денсаулығы мықты, білімі терең болуы керек. Кәсібилік пен еңбекқорлық қоғамымызда ең жоғары орында тұруы керек. Тағы да қайталап айтамын. Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады», – деді Президент.