2023 жылы жаңа Салық кодексі әзірленеді
2023 жылы жаңа Салық кодексі әзірленеді
Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Жолдауын жариялаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz.
«Үшіншіден, орнықты экономикалық өсім - түсінікті, болжамды салық саясатына тікелей тәуелді. Фискалды реттеуді қайта жүргізу мақсатында 2023 жылы жаңа Салық кодексі әзірленеді. Оның ауқымды бөлігі – салықтық әкімшілік – толық қайта жаңаруы тиіс», - деді Президент.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы салықтық бақылауға кез келген сырттай әрекеттестіктерді тыю қажеттігін атап өтіп, осы бағыттың толық цифрландыруын қамтамасыз ету керектігін айтты.