8 қалада ауа сапасы нашарлайды

8 қалада ауа сапасы нашарлайды

8 қалада ауа сапасы нашарлайды
ашық дереккөзі
«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады деп хабарлады turkystan.kz.
1 қыркүйекте қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Атырау, Өскемен (1-дәрежелі), Семей (1-дәрежелі) және Риддер (1-дәрежелі) қалаларында күтіледі. Өзге қалаларда ауа сапасы норма шегінде болады. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.