Алматылық көлік жүргізушісі 2 млн теңгедей айыппұлын төлемей келген

Алматылық көлік жүргізушісі 2 млн теңгедей айыппұлын төлемей келген

Алматылық көлік жүргізушісі 2 млн теңгедей айыппұлын төлемей келген
ашық дереккөзі
1,8 млн теңгеге жуық айыппұлы бар Toyota Ipsum көлігін шаһардың Әуезов ауданының полицейлері ұстады деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
– Бұған дейін хабарланғандай, жол қозғалысын реттеудің тиімділігін арттыру мақсатында «Қорғау – Қауіпті жүргізуші» автоматтандырылған жүйесі жұмыс істейді. Ол жалған мемлекеттік нөмірлері бар автокөліктерді және сақтандыру полисінсіз жүрген шетелдік МТНБ бар автокөліктерді, сондай-ақ көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізушілерді анықтауға мүмкіндік береді. Мәселен, бір күн бұрын Қырғызстанда тіркелген, жалпы сомасы 1 782 090 теңге айыппұлы бар Toyota Ipsum көлігі ұсталды. Минивенді 55 жастағы жергілікті тұрғын басқарған. Бұл көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды, – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.
Спикердің айтуынша, қалада жалған мемлекеттік нөмірлерді пайдаланатын, көліктерге арнайы дабыл беру құрылғыларын орнатқан көлік жүргізушілерін, сондай-ақ көлік құралдарын мас күйінде басқарған адамдарды жауапкершілікке тарту бойынша мақсатты жұмыстар жүргізіліп жатыр.