Полицейлер аман алып қалған шақалақ жансақтау бөлімінде жатыр

Полицейлер аман алып қалған шақалақ жансақтау бөлімінде жатыр

Полицейлер аман алып қалған шақалақ жансақтау бөлімінде жатыр
ашық дереккөзі
Алматыда полиция қызметкерлері аман алып қалған шақалақтың жағдайымен танысты деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Құтқарылған сәбиді көруге ауруханаға полиция қызметкерлері Нұржан Шатунов пен Ғазиз Хамасқалиев барып қайтты. Дәрігерлер оның жағдайын бірқалыпты деңгейде ауыр деп отыр.
– Біз әріптестерімізбен бірге сәбиді “Батыр” деп атап кеттік, оның өмірі үшін үздік дәрігерлердің күресіп жатқандығын білеміз. Оларға көп рақмет. Балақай қазір жансақтау бөлімінде жатыр, оған қажетті заттарды алып келдік. Сәбиге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз, – деді Түрксіб аудандық Полиция басқармасының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторы Нұржан Шатунов.
Еске салайық, жаңа туған нәрестені полиция қызметкерлері 25 тамызға қараған түні Алматының Түрксіб ауданында құтқарып қалған. 17 жастағы келіншек түсік болды деп шағымданып, сәбиінен құтылған. Алайда тәртіп сақшылары сәбиді дәретхана шұңқырынан тауып алып, аман алып қалды.