Жаңалықтар

Қостанайлықтар «Ауыл аманаты» бағдарламасынан қолдау күтеді

ашық дереккөзі

Қостанайлықтар «Ауыл аманаты» бағдарламасынан қолдау күтеді

«Ауыл аманаты» жобасының мақсат-міндеттерін түсіндіруге арналған мобильді топ Солтүстік өңірлердің 116 ауылды мекендерін аралап, соңғы кездесуін Қостанай облысының Қарасу ауданына қарасты Октябрьский ауылында аяқтады деп хабарлады turkystan.kz. «AMANAT» партиясы ел үкіметімен бірлесіп әзірлеген «Ауыл аманаты» жобасы халықтың табысын арттыруға бағытталған. Жоба аясында азаматтар ауыл аумағындағы кез келген қызметті дамыту үшін 2,5% несие ала алады. Ауыл шаруашылығы саласына 7 жыл, ал өзге де кәсіп түрлеріне 5 жылға 7,6 млн теңге көлемінде несие беріледі. Кепілге жылжымайтын мүлік қабылданады. Елді мекендерде жыл соңына дейін скрининг, яғни талдау жүргізіліп, халықтың ұсыныстары топтастырылады.